Алматыда «Цифрлық білім» бағдарламасы іске қосылды

422
Алматыда Digital Maman оқыту бағдарламасы іске қосылды, жоба аясында 50 білім беру ұйымының 1000 жоғары сынып оқушысы үш ай бойы заманауи цифрлық кәсіптерді меңгеретін болады,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Жоба 10-11 сынып оқушыларына саунд-дизайн, веб-бағдарламалау, веб-дизайн, питон-бағдарламалау, видеомейкинг, мобильді әзірлеу, ойын дизайны, интернет-маркетинг, цифрлық коммуникациялар және әлеуметтік желілерді басқару сияқты жаңа дәуірде талап етілетін мамандандықтарды меңгеруге мүмкіндік береді.

Бағдарлама оқушылардың технологиялық, жалпыадамзаттық және data-сауаттылығын арттыруға бағытталған, бұл қазіргі әлемде ақпараттың үнемі өсіп келе жатқан ағынын тиімді пайдалануға және талдауға, бағдарламалау, коммуникация және дизайн негіздерін үйретуге мүмкіндік береді.

Оқыту толығымен онлайн-форматта өтеді және вебинарлардан, бейнесабақтардан, интерактивті презентациялардан, топтық жұмыстардан, тьюторлық сүйемелдеуден, үй тапсырмаларын орындаудан және қатысушылардың кейстерін көрсетуден тұрады. Әрбір оқушы платформадағы барлық мамандықтардың ішінен өз бетінше оқу үшін өзінің жеке бағдарламасын жасай алады.

«Бағдарламаға қатысушылар мектепте сұранысқа ие цифрлық кәсіптердің бірін игеріп, автоматтандыру және жоғалып бара жатқан кәсіптер дәуірінде таптырмайтын digital maman болуға бірегей мүмкіндікке ие. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында білім беру саласында цифрлық трансформациялау қажеттілігін ерекше атап өткен болатын. Қазіргі уақытта жоба тек Алматыда жүзеге асырылады және IT, жаңа мамандықтар саласындағы кәсіби кадрлардың инкубаторы ретінде қаланың имиджін қалыптастыруға ықпал етеді», - дейді Digital Maman жобасының жетекшісі және EdCrunch Academy операциялық директоры Әділет Елеусов.

Бағдарлама оқытушылары Decode, WebSchool және Element сияқты отандық компаниялардың IT саласындағы жетекші сарапшылары, бұл frontend-девелопинг, Android-әзірлеу, SMM, графикалық дизайн, UX/UI дизайнерлері, Python, HTML, CSS бағдарламалау тілдері және басқа саладағы мамандар.

«Digital Maman – 21 ғасырдағы жоғары сынып оқушыларына қажетті дағдыларды үйретуге бағытталған Қазақстандағы алғашқы бағдарлама. Веб-әзірлеуді үйрете отырып, мектеп кезінде бағдарламалау дағдыларын игере отырып, балалар бәсекеге қабілетті және университет бағдарламасына дайын болатынын түсінемін», - дейді frontend-әзірлеуші және Element бағдарламалау мектебінің оқытушысы Аянбек Шынар.

Кәсіптік бағдар беру және цифрлық мамандықтарға оқыту бағдарламасы қарқынды дамып келеді. Осылайша, Digital Maman арнайы әзірленген цифрлық платформасында кәсіптік бағдар беру тестілері, бейнесабақтары мен тапсырмалары бар блоктар орналастырылған, сондай-ақ әлеуметтік желілерде оқушыларды ынталандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Біздің мектептен 20 оқушы осы жобаға қатысып жатыр. Digital мaman болашақ мамандықтарды оқытатындықтан, балалар қызығушылық танытады. Бұл бағдарламадан үлкен үмітім бар, менің ойымша, ол оқушыларға мамандық таңдауда қолғанат болады. Әрине, балаларға барлығы жаңаша әсер береді, олар осындай мамандықтар туралы тек естіген еді, енді өздері тереңірек зерттей бастады, іс жүзінде бір нәрсе жасай бастады»,- дейді №78 мектеп-гимназиясының директоры Раушан Қожамбетова.

Бағдарлама аяқталғаннан кейін әрбір қатысушы сертификат алады, одан әрі жұмысқа орналасу және кәсіби бағдар алу және өзінің портфолиосы үшін практикалық жобалар әзірлейді деп жоспарлануда. Жобаның негізгі операторы Алматы мектептерінің қолдауымен EdCrunch Academy заманауи білім беруді дамыту институты.