Мектеп бітіруші түлектер "Алтын белгіні" сақтау үшін сотқа жүгінді
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты өңірдегі мектептердің бірінің екі түлегіне “Алтын белгі” беруден бас тартқан білім басқармасы комиссиясының шешімін заңсыз деп таныды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Білім басқармасы комиссиясы өңір бойынша 11 жыл бойы тек "бестікке" оқып, тиісті үлгідегі аттестат алған 1 топ оқушыға күтпеген жерден “Алтын белгі” беруден бас тартылған.
С. Зиманов атындағы №37 мектептің 7 оқушысы төсбелгіге үміткер болған, алайда ішкі тексерістен кейін тізімде тек үшеуі қалған. Білім басқармасы комиссиясының бұл шешіміне мұғалімдер енгізген бағалардағы түзетулер себеп болғаны анықталған. Бұдан қоса, бағалар бірнеше рет өзгертіліп, БЖБ (СОР) және ТЖБ (СОЧ) бойынша балл саны да ауысқан. Ал түлектердің өздері бұдан бейхабар.
Осылайша қабылданбай қалған түлектердің ішінен екі қыздың заңды өкілдері бұл шешімді сот арқылы даулауға шешім қабылдаған.
Сот түлектердің 5- ші және 11- ші сыныптар аралығында барлық пәннен тоқсандық, жылдық және қорытынды бағалары “өте жақсы” болған және қорытынды аттестациядан сәтті өткені анықтаған. Бұл “Алтын белгі” алуға қойылатын талаптарға сай.
Сондай-ақ сот баға қою және оны түзету педагогтердің құзыретіне жататыны айтылып, демек оқушыларға теріс салдар жүктеу дұрыс емес деп танылған.
Сот қосымша түрде БҒМ бұйрығындағы нормаларды ескерді, яғни модерация оқу жетістігін бағалауға қатысты даулы мәселе болғанда ғана қолданылады. Бұл жағдайда, мұндай даулы мәселе болмаған. Демек, білім басқармасының модерация өткізуді талап етуі негізсіз әрі рәсім шеңберінен шығу деп танылған.
Сот комиссия отырысының хаттамасын түлектерге қатысты бөлігінде күшін жойып, білім басқармасына “Алтын белгі” беру мәселесін қайта қарауды міндеттеген. Атырау облыстық соты бұл шешімді өзгеріссіз қалдырған Сот актісі заңды күшіне енген және орындалу сатысында.







