Докторантура грантын иеленгендер тізімі жарияланды
2 536
Ұлттық тестілеу орталығы 2023-2024 оқу жылы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын жариялады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Тізімге 49 білім беру мекемесі енген. Олардың қатарында республикалық және аймақтық университеттер бар. Жалпы орын саны – 712, оның ішінде нысаналы орын – 107.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсуге арналған конкурсқа қатысу үшін шекті балл – 75.
2022 жылдан бастап докторантураға түсу үшін шет тілін білу туралы сертификатпен қатар ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсыну қажет.
Гранттар тізімін мына жерден көруге болады.