Қазақстанда студенттердің барлығы жасанды интеллект пәнін оқиды

2 521

Фото: ©ЖИҚазақстанның жоғары оқу орындарында жасанды интеллектіні оқыту ауқымы кеңейіп, енді барлық білім беру бағдарламаларына енгізіліп жатыр.- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпараттық агенттігі Zhasalash.kz сайтына сілеме жасап.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеген. 2025 жылдан бастап жасанды интеллект дағдылары барлық оқу бағдарламаларына міндетті түрде енгізілген. Қазір 95 жоғары оқу орны оқу жоспарларына жасанды интеллект пәндерін қосқан. Бұл жалпы 4 мыңнан астам білім беру бағдарламасын қамтиды. Сонымен қатар 30 университетте ЖИ бағыты бойынша 42 арнайы білім беру бағдарламасы іске асырылып жатыр.

Профессор-оқытушылар құрамының 54%-ы жасанды интеллект саласында біліктілігін арттырған. Жоғары оқу орындарында жасанды интеллектіні қолдану стандарты бекітіліп, диссертация жазу барысында оны пайдалануды реттейтін ережелер енгізілген. Барлық университеттер үшін ЖИ қолданудың негізгі көрсеткіштері белгіленген.
Жалпы бұл бастама Қазақстанның жоғары білім жүйесінде жасанды интеллект интеграциясын күшейтіп, цифрлық дағдыларды дамытуға бағытталған. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, бұл өзгерістер еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа буын мамандарын даярлауға мүмкіндік береді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.