Қазақстанның білім саласы инвестициялық тартымдылығын жоғалтып барады

439
Қазақстанның білім саласы инвестициялық тартымдылығын жоғалтып барады. 5 жылдың ішінде инвестициялық қоржындағы сала үлесі 3-тен 2,5 пайызға дейін қысқарды.
Жеке инвестицияларға қатысты ахуал да алаңдатарлық. Бизнес қоржынындағы бүкіл білім беру үлесі 2016 жылдан 2020 жылға дейінгі аралықта 2-ден 0,6 пайызға дейін құлдырады. Білім беруды дамытудың барлық дерлік қаржылық жүктемесі бюджетке түсіп отыр. 2020 жылы білім беру саласындағы барлық инвестицияның 81,1 пайызы мемлекетке тиесілі болды. Ал 2016 жылы мемлекеттік сектор үлесі не бәрі 57,6 пайызды құраған еді. 
 
2016-2019 жылдары білім беруге арналған еліміздің мемлекеттік бюджет шығыстары республика жалпы ішкі өнімінің 3,2-3,6 пайызы аралығын құрады. Инвестицияның ЖІӨ-ге пайыздық қатынасының мұндай деңгейі өте төмен салады және әлемнің көптеген елдерінен артта қалып отырмыз. ЮНЕСКО ЖІӨ-нің 5-7 пайызын білім саласына жұмсауға кеңес береді.
 
Білім беру саласының жеткіліксіз дамуы 2020 жылы Қазақстанның адами капитал индексінің төмендеуіне себеп болды. Қазақстан 51-орынға сырғыды. Бір жыл бұрын 50-орында тұрған еді. Адами капиталды дамытудың маңызды критерийі – жоғары білім деңгейі. 2020 жылдың 4-тоқсанында Қазақстандағы жоғары білім бар жұмыспен қамтылған тұрғындардың үлесі 42,6 пайызды құрады. Ал дамушы елдер бұл көрсеткіштер бойынша кемінде 50 пайызға қол жеткізуді мақсат тұтып отыр. 
 
Қазіргі уақытта QS WUR аталып өтілген қазақстандық жоғары оқу орындарының саны 13-ке жетіп отыр. Олардың ішінде тек үш университет қана, атап айтқанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ТОП-500-ге кіреді