450 мың балаға мектепке дайындалуға қаржылай көмек беріледі

2 516

Фото: ©Opennews.kz/ ЖИБиыл әлеуметтік осал санаттағы 450 мыңға жуық балаға мектеп формасын, аяқ киім мен мектеп құралдарын сатып алуға көмек көрсетіледі,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Оған жергілікті бюджеттерден 23 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, бір балаға көмектің ең төменгі мөлшері – шамамен 50 мың теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық.

Жергілікті бюджеттің мүмкіндіктеріне қарай жекелеген өңірлерде төлем мөлшері жоғары болуы мүмкін.

«Көмек жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға беріледі», – деп таратты министрлік.

Төлемді алу үшін ата-аналар немесе заңды өкілдер тиісті құжаттарды білім беру ұйымына тапсыруы қажет.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.