Мұғалімдер күніне екі құжат ғана толтыруға міндетті – Асхат Аймағамбетов
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Qazaqstan арнасының "Жедел желі" бағдарламасына берген сұхбатында мұғалімдерден күніне екі құжаттан артық құжат талап етілмейтінін айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Министр енді мұғалімдер осы екі құжатты ғана толтыруға міндетті екенін атап өтті.
Айта кетейік, қазіргі күні педагогтер тарапынан басшылары электронды күнделікке толтырылған құжатты жыл соңында қағаз түрінде шығаруды талап етіп жатқандары туралы арыз-шағымдар айтылып жүр.
Ол министрліктің бұйрығына тіпті мұндай құжатты шығаруды талап етуге болмайды деген пункт енгізілгенін айтты. Айтуынша, электронды күнделіктегі ақпаратты басып шығаруды талап ету ол заңбұзушылық болып есептеледі. Оны талап еткен басшы алдымен әкімшілік жауапкершілікке және жұмыстан шығаруға дейінгі тәртіптік жауапқа тартылады.