Қызылорда облысында білім беру нысандарында санитарлық нормалары бұзылған
438
Қызылорда облысындағы мектептер мен интернаттардан алынған тамақ пен судың сынамасынан бактерия табылды, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Қызылорда облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері кей мектептер мен интернаттардан алынған тамақ пен судың сынамасынан бактерия табылғандығын атап өтті. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері облыстағы 288 мектепте балаларға берілетін тамақ пен судың үлгілерін тексерді. Тексеру нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталған.
Басқарма басшысының айтуынша, 11 мектеп-интернат та облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің бақылауында. Өткен жылы аталған мекемелерде тексеру жұмыстары жүргізіліп үлгерді.
Сондай-ақ тексеріс барысында мамандар микроклимат, жасанды жарықтандыру және электромагниттік өрістердің бұзылуы да анықталғандығын алға тартты.

"Интернаттардан алынған тағам сынамаларында бактериологиялық зертханада бір сәйкессіздік анықталды, қоршаған ортадан алынған 300 тампонның екі сынамасынан бактерия табылды. Сондай-ақ мектеп-интернаттардан алынған 38 сынаманың 14-інің санитарлық-химиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейтіні анықталды. Тамақ пен судағы бактериялар АІИ ауруларын қоздыруы мүмкін екенін айта кету керек", - деді бөлім басшысы Динара Жаңабергенова.
Сондай-ақ тексеріс барысында мамандар микроклимат, жасанды жарықтандыру және электромагниттік өрістердің бұзылуы да анықталғандығын алға тартты.
"Білім ошақтарында санитарлық ереже талаптарының бұзылуына қатысты тексерулер барысында 315 санитарлық анықтама шығарылып, жалпы сомасы 25 580 646 теңге болатын 402 айыппұл салынды, облыстық ауданаралық экономикалық және әкімшілік сотқа 13 материал жолданды, 11 шешім шығарылды. Тексеру жалғасады", - деді Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы.