Қазақстанда ресейлік жоғары оқу орындарының жаңа филиалдары ашылады - Тоқаев

411
Қазақстан Президенті елімізде ең таңдаулы деген ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылатынын айтты, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстанда инженерлік-техникалық кадрларға деген сұранысты ескеріп, білім беру саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылғанын атап өтті.

"Келіссөздер барысында Владимир Владимировичке Ресей Федерациясының ең танымал университеттерінің, әсіресе техникалық университеттерінің филиалдарын Қазақстанда ашуға келісім бергені үшін алғысымды білдірдім. Олар Қазақстандағы білім беру саласына үлкен үлес қосады деп ойлаймын", - деді Тоқаев.

Қазақстан Президенті Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының Қазақстандағы филиалдарының желісін кеңейту жөніндегі елеулі келісімдерді құптайтынын айтты.

"Қазақстанда баршаның аузында жүрген жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады. Бұл - Мәскеу инженерлік-физикалық институты, И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті, Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті. Бұл білім саласындағы өзара қолдаудың өте салмақты ілгерілеуі деп есептеймін", - деді Қазақстан Президенті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.