Қазақстан шетелдік студенттерге 550 грант бөлді

2 516

Getty images- Ирина МельниковаҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан азаматтары болып табылмайтын шетел азаматтары мен ұлты қазақ адамдар үшін стипендиялық бағдарламасын конкурстық іріктеудің қорытындыларын жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


2019 жылдан бастап жыл сайын жүзеге асырылатын бағдарлама 2024 жылы жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу үшін 550 гранттық орын берді. Стипендиялық бағдарлама Қазақстанның басқа елдермен білім беру байланыстарын қолдауға және нығайтуға бағытталған – делінген Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан ақпаратта.


2024 жылы 83 елден 11 293 өтінім келіп түсті, бұл бағдарламаға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.


Бөлінген 550 гранттық орынның ішінен:

490 орын — бакалавриат бағдарламасы үшін;

50 орын — магистратура бағдарламасы үшін;

10 орын — докторантура бағдарламасы үшін бөлінді.


Сараптама комиссиясының мүшелерімен әңгімелесу қорытындысы бойынша стипендиаттарды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның қарауына жіберілді:


«Докторантура» бағдарламасы бойынша оқуға 56 үміткер;

«Магистратура» бағдарламасы бойынша оқуға 286 үміткер;

«Бакалавриат» бағдарламасы бойынша 1914 үміткер.


Іріктеу жоғары академиялық көрсеткіштер, барлық қажетті құжаттардың болуы және конкурстың барлық кезеңдерінен сәтті өту негізінде жүргізілді.