Тамыз кеңесі: Қызылордада ең үздік білім беру ұйымына 34 млн. теңге табысталды
587
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен «Білімді Ұлт – тұрақты даму кепілі» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің педагогикалық тамыз кеңесі өтті. Аймақ педагогтарының басқосуына Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттары Мұрат Бақтиярұлы, Ақмарал Әлназарова, Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаты, Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева, «Talap» КЕ АҚ вице-президенті Санжар Тәтібеков, ZOOM платформасы арқылы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев қатысты. Сондай-ақ, пандемия жағдайын ескере отырып, кеңес жұмысына Қызылорда қаласы және аудан әкімдері, аймақтағы білім беру ұйымдарынан 400-ге жуық өкілдері ZOOM платформасы арқылы қосылды.
Биылғы оқу жылындағы басты әрі қуанышты жаңалық – мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндеріміз «Әліппе» мен «Ана тілін» оқиды. Жаңа оқу жылында 294 мемлекеттік және 10 жеке мектепте 177 мың оқушы білім алады. Оның ішінде 1-сыныпқа 18 мыңнан аса бала қабылданады.
«2019 жылдан бастап ауыл мектептерінде білім алатын оқушыларға арналған «Мың бала» олимпиадасына 27502 оқушы қатысып, 174 оқушы жеңімпаз атанды. 2 жыл ішінде 50 оқушы мамандандырылған мектептерге қабылдануға жолдама алды. 2021 жылғы зияткерлік олимпиада қорытындысымен Қызылорда облысы үздік үштіктен көрінді. Басқарма басшысы алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясының жол картасы аясында 28 мектептің құрылысын басталып, биыл 6 жаңа мектепті пайдалануға берілетінін айтты. «Жаңа оқу жылында Президент тапсырмасымен іске асқан Арал ауданы, Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектеп пен инвесторлар есебінен жүргізілген 2 жеке мектеп құрылысы пайдалануға беріледі деп жоспарлап отырмыз. Қалған 3 мектепті жыл соңына дейін табыстаймыз», – деді Ақзира Қасымова.
Облыста инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған арнайы Жол картасы жасалып, оған 4 млрд. теңге қаржы қаралды. Биыл 47 мектепке дейінгі мекемеде логопункт ашылып, олар логопед маманымен қамтылады деп жоспарлануда.
Облыс әкімінің «Үздік орта білім ұйымы» грантымен облыстық конкурс жеңімпазы – Қызылорда қаласы, Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі марапатталады. Сыйақы мөлшері – 34 млн. тенге.