Қызылордалық мұғалім адам өлтіруге оқталды деген күдікпен ұсталды
Қызылорда облысына қарасты Шиелі ауданының тұрғыны, мектеп мұғалімі өз әйелін балталап өлтірмек болды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде мектеп мұғалімінің адам өлтірмек болғаны туралы ақпарат кеңінен тарады. Шиелі ауданыны ауылдарыныың бірінде ер адам әйеліне балта алып жүгірген. Аудандық білім бөлімінде ер адамның ауыл мектептерінің бірінде 21 жылдық тәжірибесі бар биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейтінін растады. Күдікті адам өлтіруге оқталғаны үшін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Шиелі аудандық ауруханасының мәліметінше, 42 жастағы әйел 19 сәуір күні ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр.