Қазақстандықтар Назарбаев университеті мен мектептеріне қоғамдық бақылау жүргізе алады
3 304
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров Сенат отырысының кулуарында "Қоғамдық бақылау" заң жобасы аясында азаматтар қандай мекемелерді тексере алатынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сенат "Қоғамдық бақылау туралы" заң екі оқылымда мақұлдаған.
"Заңда барлығы нақты көрсетілген. Нені тексерігіңіз келеді? Қоғамдық бақылау нысандарына мемлекеттік ұйымдар, квазимемлекеттік ұйымдар мен емхана, мектеп, мемлекеттік қызметті ұстанатын ұйымдар жатады. Үкіметтің қатысы бар мекемелерді тексере аласыз. Мысалы, мектепті тексеруге барам десеңіз, сол мектептің басшылығына ненені тексергіңіз келеді, не үшін екенін айтып хат жазасыз. Содан кейін уақытын белгілейсіз. Үкіметке қатысты мектеп, емхана, кәсіпорын болсын олармен күнін келісесіз. Мысалы, асханада бала улланып қалды, сол жерді тексергіңіз келсе, мектеп басшылығы асханадағы тазалықты сізге аралатып көрсетуі керек", – деді Данияр Қадыров.
Сенат мақұлдаған заңда көрсетілгендей ендігіде азаматтар Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептеріне қоғамдық бақылау жүргізе алады. Вице-министр атағандай, оны қарағаннан кейін 10 күннен соң қорытынды жасалуы керек.
"Олқылықтар мен кемшіліктерді жою жайлы мектеп басшылығына жазып жібересіз. Ал мектеп басшылығы 10 күн ішінде сізге жауап беруге тиіс. Бұл жауап электронды алаңдарда ашық жариялануы керек. Әр азамат жалғыз барып тексере алады. Оның ішіне Назарбаев мектебі мен университеттері де кіреді. Қоғамдық бақылау дегеніміз азаматтарға мемлекеттік ұйымдардың ашықтығын көрсетеді. Егер мемлекеттік ұйымдар жайлы барлық ақпарат электронды түрде жарияланса, барып тексерудің де қажеті жоқ. Ал нақты сұрақтар мен мәселе болса, азаматтар барып тексере алады", – деді вице-министр.