Алматыда 11 мыңнан астам мектеп бітіруші үлкен өмірге қадам басты

465

Фото: Алматы қаласының әкімдігіАлматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Facebook-тегі парақшасында алматылық мектеп түлектерін және мұғалімдерді құттықтады.

Бүгін 11 337 мектеп бітіруші үшін қоңырау соғылады. Жас түлектің 642-сі «Алтын белгіге», 758-і үздік аттестатқа үміткер.


 Биылғы оқу жылы пандемияға байланысты толығымен онлайн форматта өтті. Оқушылардың 97%-ы қашықтан білім алды.


 «Мұғалімдер шыдамдылық танытып, ата-аналар қолдау білдіріп, ал балалар еңбекқорлығы мен күш-жігерін көрсеткені үшін алғыс айтамын», - деп жазды әкім және үйлесімді жұмыстың арқасында балалар оқуда жақсы нәтиже көрсеткенін атап өтті. 


Биыл Алматы командасы оқушылар арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша жыл сайынғы республикалық олимпиада 18 рет жеңіске жетті.


 «Құрметті түлектер! Жаңа өмір әлеміне нық сеніммен қадам басқалы тұрсыздар. Аңсаған армандарың орындалып, алға қойған мақсаттарыңа жетіңдер! Сіздерге зор денсаулық пен табыс тілеймін! Ақ жол!», - деп қорытындылады қала әкімі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.