Қазақстанда білім алуға бөлінетін гранттар саны жыл сайын артып келеді
Елімізде жоғары білім беру саласы қарқынды дамуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
2024-2025 оқу жылына мемлекеттік гранттар саны 94,2 мыңнан асып, былтырғыдан 6 мыңға көбейді. Әлеуметтік осал топтар мен этникалық қазақтар үшін гранттарға ерекше назар аударылып, білім алуға қолжетімділік кеңеюде.
Қазақстанда 120 жоғары оқу орны жұмыс істейді, оның ішінде 11 ұлттық ЖОО бар, мемлекеттік ЖОО – 29, азаматтық емес ЖОО – 14, ДББҰ (дербес білім беру ұйымы) – 1, халықаралық – 1, акционерленген – 16 және жекеменшік – 48.
Білім алушылар құрамы 642,5 мыңнан астам адамды құрайды, мемлекеттік тапсырыс бойынша 255,6 мыңнан астам студент оқып жатыр. Түлектер саны 182,6 мың адам, оның ішінде бакалавриатта – 157 мың, магистратурада – 21 мың, докторантурада – 1,8 мыңнан астам және резидентурада – 2,1 мыңнан астам адам оқиды.
Жаңадан құрылған және халық тығыз қоныстанған облыстардың, батыс өңірлердің жастарына (Абай, Ұлытау, Жетісу, Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстары және Шымкент қаласы) жыл сайын 5 мың нысаналы білім беру гранты бөлінеді.