"Дипломмен – ауылға" жобасы бойынша көтерме жәрдемақының көлемі өспек

1 396

"Дипломмен – ауылға" бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақының көлемі артуы мүмкін, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ұлттық экономика министрінің "Дипломмен – ауылға" жобасына қатысушыларға көтерме жәрдемақыны ұлғайту туралы бұйрығының жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.


Бұйрық жобасына сәйкес, жәрдемақыны 70-тен 100 АЕК-ке дейін арттыру ұсынылып отыр. Бұл 2023 жылға арналған АЕК мөлшерін есепке алғанда 345 мың теңге болады.


Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға берілетін бюджеттік кредиттің мөлшері бұрынғыша қалады – 1500 АЕК-ке дейін (5,18 млн теңге).


Аталған әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы саласының мамандарына, сондай-ақ ауылдарға жұмыс істеу және тұру мақсатында келген мемлекеттік қызметшілерге (ауыл әкімдіктерінің шенеуніктеріне) қатысты.


Құжатты қоғамдық талқылау 2023 жылдың 22 мамырына дейін жалғасады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.