Елімізде 400 мыңнан астам бала мектепке қажетті заттармен қамтылмақ

1 108

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан 400 мыңнан астам бала мектеп формасымен, мектепке қажет керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге материалдық көмекпен қамтылатын болады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ҚР Оқу-ағарту министрілігің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Биыл әр білім алушыға киім, оқу құралдарын сатып алуға арналған қаражаттың ең төменгі мөлшері– 40 567 теңге. Барлық ақша аударымдары ата-аналардың карточкалық шоттары арқылы жүзеге асырылады.


«Қаражат ата-аналарға балалармен бірге мектеп формасын, аяқ киімді, кеңсе тауарларын өздері таңдап алу үшін беріледі. Қабылданған өзгерістер ата - аналар мен балаларға жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді», - делінген министрліктің хабарламасында.


Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан. Мұқтаж отбасыларға материалдық көмек көрсету және балаларды 100% қамтамасыз ету үшін жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қоры жұмыс істейді. «Жалпыға бірдей оқыту» қоры атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсетеді. Жаңа оқу жылы қарсаңында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайға тап болған оқушылар қаржылай көмек алады. Оның ішінде Абай облысындағы апаттан қаза тапқан орманшылардың балалары бар.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.