Газдың иісінен 15 оқушы зардап шеккен

245

Ленин кенті мектебінде газ шашылып, оның иісінен 15 бала зардап шекті, деп хабарлайды,- Opennews.kz ақпарат агенттігі.
фото: NUR.KZ / Петр Карандашов23 қыркүйекте Ленин кентіндегі № 33 орта мектепте сағат 11:00 шамасында белгісіз біреулер екінші қабаттың дәлізіне бұрыш спрейін шашқан.

"Мектеп ғимаратынан 672 оқушы эвакуацияланды, 15 оқушы облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Оқиға орнында екі жедел жәрдем көлігі, полиция қызметкерлері мен Павлодар қалалық төтенше жағдайлар бөлімі жұмыс істеп жатыр", – деді Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасы басшысының орынбасары Тілекжан Ғалямов.


Әзірге аталмыш жағдайға кінәлілер анықталмады. Оқиға орнында дәрігерлер, полиция және төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп, жағдайды анықтап жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.