Қазақстандық студент әлемдік деңгейдегі жасанды интеллект байқауында бірінші орын алды

2 530

Фото: Оқу-ағарту министрлігіҚазақстандық студент халықаралық беделді BRICS Skills Development and Technological Innovation Competition чемпионатында жасанды интеллект саласы бойынша алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Бір белдеу, бір жол» бастамасы және Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының жасанды интеллект бағытында білім беру ынтымақтастығы артып келеді.

Көкшетау жоғары колледжінің студенті Ильяс Гатин «2nd Artificial Intelligence Deep Learning Application Technology Competition» халықаралық байқауында бірінші орынға ие болды. Байқауға Конго, Камерун, Оңтүстік Корея, Жапония және өзге де елдерден келген 20 үздік студент қатысып, жасанды интеллект пен терең оқыту технологиялары бойынша озық жобаларын ұсынды.

Қатысушылардың кәсіби даярлығы, практикалық біліктілігі және инновациялық шешімдері халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары талаптар бойынша бағаланды.

Айта кетейік, Ильяс Гатин бұған дейін де бірқатар республикалық және халықаралық жарыста жоғары нәтиже көрсеткен. Ол WorldSkills Kazakhstan–2024 ұлттық чемпионатында «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі бойынша күміс медаль иеленген. Сонымен қатар, ProIT командасының құрамында «Inform Defence Hackathon» хакатонында І орынды жеңіп алған.

Бұл жетістік қазақстандық колледж студенттерінің жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және инновация саласында әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті екенін айқын көрсетеді. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.