ҰБТ-ға дайындалуға мүмкіндік беретін онлайн-платформаны іске қосу ұсынылды
Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалу үшін мемлекеттік білім беру онлайн-порталын іске қосу қажеттіглігін Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысының орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атына сауал жолдаған депутат Магеррам Магеррамов айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, мектептерді сапалы дайындыққа жағдай жасалмағандықтан ата-аналар коммерциялық білім беру орталықтарына жүгініп, қаржы шығындап отыр.
Осыған орай Мәжіліс депутаты Үкіметке мынадай ұсыныстар берді:
— мектеп түлектерінің мемлекеттік емтихан көрсеткіштеріне сараптама жүргізіп, ҰБТ нәтижелерімен салыстыру, мектеп түлектері емтихандары көрсеткіштерінің ҰБТ нәтижелерімен айтарлықтай айырмашылық себебін анықтау қажет;
— ҰБТ-ға дайындалу үшін ресми мемлекеттік білім беру онлайн-порталын іске қосу керек;
— өңірлер, мектеп түрлері бойынша бөле отырып, ҰБТ нәтижелері бойынша жан-жақты есепті жыл сайын жариялау, мектеп бағдарламаларын түзету үшін әдеттегі қателіктерді түзету қажет.







