Қазақстандық колледж студенттері енді оқу кезінде табыс таба алады

259
Қазақстандық колледждердің студенттері жаңа заңнамалық түзетулердің арқасында оқу кезінде табыс таба алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Оқу-ағарту министрлігі хабарлағандай, мемлекеттік колледждердің студенттеріне оқуын тоқтатпай-ақ ақша табуға мүмкіндік берілген. 2021-2022 оқу жылында қабылданған заңнамалық нормалардың арқасында мыңдаған студент табыс тапты.
Яғни, жаңа заңнамалық түзетулер колледж студенттеріне оқу-өндірістік цехтар мен оқу шаруашылықтарында өздері өндірген өнімдерді сатуға мүмкіндік береді. Өзгерістерді әзірлеушілер мұндай шара студенттердің оқуға деген қызығушылығын арттырып, ынталандыратынын атап өтті.

«Қазіргі таңда 444 мемлекеттік колледждің 97-інде студенттер өз өнімдері мен қызметтерін сатып жатыр. Мысалы, олар колледж қабырғасында дайындалған тәттілерді, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді сатады. Сондай-ақ «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша оқитын студенттер өндірістік тәжірибе кезінде темірден конструкциялар жасап, еңбек нарығына шығарады. Біз бұл жерде толық кәсіпкерлік қызмет туралы емес, тек өндірістік оқу мен тәжірибе кезінде өндірілген өнімдердің сатылып, колледж бюджетін толықтыруға болатынын ғана айтып отырмыз. Бұл қаражатты өндірістік оқытуға арналған электродтарды немесе металды сатып алуға пайдалануға болады. Мұндай жұмыстар еліміздің басқа колледждерінде де жалғасын табады», - дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.