Қазақстандық оқушылар робототехника жарысынан алтын медаль жеңіп алды

603
Қазақстандық мектеп оқушылары беделді робототехника жарыстарында бірінші орынды жеңіп алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Еуразия бірінші арнасының сюжетінде 17 жастағы бағдарламашы Жантөре Бисенғали роботтың механизмі туралы әңгімелеп берді. Робот басқарудаы машина принципі бойынша жұмыс істейді. Бірақ ол қосымша функцияларды да орындайды.

"Джойстик driverhub жүйесіне қосылған. Бұл - Android-телефон, планшет. Ол басқару хабына Wi-Fi арқылы қосылған, оны роботтың миы деп атауға болады", - деді Жантөре Бисенғали.

Қазақстандық команданың құрамында 15 пен 17 жас аралығындағы бес оқушы бар. Байқаудың тақырыбы - жаһандық жылыну. Үй роботы көмірқышқыл газын мүмкіндігінше жылдамдықпен сіңіруі керек еді, оның рөлін қарапайым пластикалық шарлар атқарды.

"Біздің робот бірнеше рет ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Жарысқа жиналған ұпайлар бойынша рекордты бірнеше рет жаңарттық. Бізге біразы таңғалды, өйткені олар Қазақстан туралы жиі естімейтін еді. Бұл жолы мүмкіндігінше өз біліктілігімізді, кәсібилігімізді көрсетуді жөн көрдік", - деді Команданың мүшесі Марғұлан Тұрғанбек.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.