Қызылорда облыстық білім беру саласындағы былық

2 798
Қызылорда облыстық білім беру басқармасына қарасты өңірлік білім ошақтары «1С Бухгалтерлік есебінің» бұлтты түрін орнатуда дау туды,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

 Бұл туралы Orda.kz порталы жариялаған болатын. 


«1С Бухгалтерлік есепті» бағдарламасын орнатуда облыстық білім басқармасы 2021 жылдың соңында ІТ саласы бойынша 135 360 000 теңге қаржы бөлген. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу порталында бір көзден келісім шарт құрып,  Қызылорда облысына қарасты аудандардың білім ошақтарына «бұлтты есептілік» қызметін орнатқан. 
2021 жылдың басында   цифрландыру жүйесіне  көшу мақсатында 177 061 479 теңге көлемінде   «1С Бухгалтерлік есеп» бағдарламасы  орнатылған болатын. Десе де,  күнтізбесінде жыл соңының аяқталуына небәрі 3 күн қалғанда дәл осы бағдарламаның, бірақ   «бұлтты» түрін қайта орнатудың қажеті қанша? деген сауалымызға облыстық білім бөлімінің басшысы былай деп жауап берген болатын:
«Біз барлық қаржыны бақылау мақсатында автоматтандыру жүйесіне көштік. Біз «облакада» қызметтерімізді сақтаймыз. Ол бағдарлама 10 модульден тұрады.Оның ішіне тарификация, кітапхана ісін жүргізу, бос орындар, мемлекеттік қызметтерді,  бюджетті жоспарлау, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар үшін бұлтты есептеу, техникалық және кәсіптік білім беруді қамтып отыр. Біздің облыс алғашқылардың бірі болып қызмет атқарып келе жатыр.»,- деген болатын.

Алайда, техникалық ерекшеліктердің ішінен бас педагогтың атап өткен 10 модульді ерекшеліктерін таба алмадық. Оған дәлел, мемлекеттік сатып алу порталында берілген тапсырысы.  
Өңіріміздің бас мұғалімінің «Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі» кезекті конференциясында атап өткен 10 модулі 2021 жылдың құзыреттілігіне жатпай 2022 жылдың басында мемлекеттік сатып алу порталында   жарияланғандығы  белгілі болды. 
Десек те, аудандық білім саласындағы өзекті мәселесіне емес мұғалімдердің жалақысын санауды жөн көріп, «1 С Бухгалтерлік есептің» (бұлтты түрін)  бір жылда екі мәрте орнатқан облыстық білім басқармасының орнатқан «бұлтты бағдарламаны» жазылған арыз негізіндегі тексеріс нәтижесі де, шикіліктің бар екендігін аңғартып отыр. Шындығында, Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жоғарыда айтылған кәсіпкердің шағымы бойынша,   жүргізілген тексеріс нәтижесінде «негізсіз шарттар жасасқаны анықталды», деп таныған.
Алайда, облыстық білім бөлімі шығарылған шешімге қарсылық білдіріп, алдағы уақытта  тексеріс нәтижесін сот шешімі арқылы күшін жоюға негізделіп отыр.  Үстіміздегі жылы Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты   білім бөлімінің талап арызын кері қайтарылғаны да белгілі болды.

Шиелі аудандық білім беру басқармасы есепшісінің айтуынша, есепші қыздар түнімен өздері көшірді, программасы «1 С болса да, кішкене өзгешелік бар» деген еді. Ал, білім бөлім басшысының атап өткен автоматтандыруда ақпараттың құпиялылығы сенімсіздік тудырды десе, Шиелі аудандық білім бөлімінің есепшісі:
 «Орнатылған бастапқы және соңғы программаға біз өзіміздің жеке құпиялы кодымызбен кіреміз екі бағдарламаға да кіруі бірдей, логотиптері де сондай бірақ кішкене айырмашылық бар, бірақ біз білмейміз» деп қысқа қайырды.
Осы орайда, жергілікті ІТ саласы бойынша қызмет көрсетіп жүрген кәсіпкерлердің біріне Шиелі білім беру бөлімі 2021 жыл басында орнатылған «1С Бухгалтерлік есептің» базасынан жаңадан орнатылған «бұлтты» бағдарламаға ақпарат көзін  ашып, өткізіп  беруін сұраған қатынас хаты да бар.   
Егер біздің бас педагогымыз атап өткендей бәрі автоматтандырылған жүйе болса, қыруар қаржыға орнатылған бағдарламаның нәтижесі қайда? Бұл шикілік шешімін таппаса, Шиелі аудандық мұғалімдер кезекті еңбек демалысына қалай шықпақ?
Жауабы жоқ сан сауалдың бірі облыс бойынша аудандардың барлығы бірдей бір қызмет түрін орнатуды бір мекеменің құзырына қалдыруына не себеп? Егер осы «1С Бухгалтерлік есеп» бойынша мемлекеттік сатып алу порталында Қызылорда облысының білім саласы бойынша бір бағдарлама үшін бөлінген қаржы төмендегідей болып отыр:
бухгалтерлік есеп және бірнеше модульді автоматтандыру үшін:
 2021 жылдың басында  - 177 061 479 теңге, 
2021 жылдың аяғында - 135 360 000 теңге  бөлінсе, 
2021 жылы бюджеттік есеп үшін – 299 миллионға жуық  қаржы  бөлінген. 
2022 жылы – 689 154 434,92 мың теңге бір бухгалтерия үшін есептілікті реттеу мен жүргізу үшін бөлінгендігін аңғаруға болады.

 
 Бір жылда екі мәрте бухгалтерлік есепті жүргізу үшін бөлінген қаржы аз емес, алайда осы түйіткілді мәселенің барысында жүрген бас педагогымыздың айтар уәжі болмағандықтан ба, әйтеуір,  облыстық білім бөлімінің басшысы Ақзира Қасымова аталмыш мәселе бойынша бүгінгі күні ақпарат беруден бас тартып, алдағы уақытта  сот отырысының шешім шыққаннан кейін белгілі болатындығын атап өтті.
Жуырда болатын сот отырысының шешімі нақты нүктесін қойып ақ-қарасын ашып береді деген ойдамыз. 


АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ