Атырау мектептерінде «Nazar» жобасы іске қосылды

2 691

Фото: РСК АтырауАтырауда білім беру сапасын арттыруға арналған «Nazar» жобасы іске қосылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жоба аясында қаладағы 64 мектепке 2426 бейнебақылау камерасы орнатылды. Негізгі мақсат- мұғалімдердің сабақ беру сапасын бағалау және оларға әдістемелік қолдау көрсету.  Яғни, облыстық білім басқармасындағы әдістемелік кабинет білім беру процесін қашықтан бақылап, мониторинг жүргізіп отырады. Осылайша, әдіскерлердің де жұмысы жеңілдейді. Ал, педагогтердің   жұмысы жан жақты талданады. Цифрлық білім беру ресурстарын қолдануы, сабақтың құрылымы мен уақытты тиімді пайдалануы ескеріледі. Мұғалімдердің өзімен кері байланыс «kundelik.kz» платформасы арқылы жүргізіледі.

 Марат Әбуов, облыстық білім басқармасының басшысы: - Бұрын жыл ішінде 1500-ге жуық мұғалімді әдіскерлерміз бағалап, қарап, көмек көрсететін болса,  осы жоба арқылы бірнеше есе көбейтіп, жылына 5100 мұғалімді жаңағы әдіскерлік көмек көрсетуге мүмкіндік алып отырмыз. Және бұл жобаның өміршеңдігі: қазір қаланың 64 мектебіне 2400 үстінде камера орнатылған болса бұл камераларда тек видео емес, аудио жазбалар да болады




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.