Оқушылар арасында қаржы сауатынан олимпиада өтеді

489
Оқушылар арасында қаржылық сауаттан олимпиада өтеді. Қаржы мониторингі агенттігі мен Оқу-ағарту министрлігі осындай пилоттық жобаны қолға алмақшы, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Агенттіктің бастамасы бойынша, қыркүйек айында Оқу ағарту министрлігі 5-11 сыныптардың үлгілік оқу жоспарының вариативтік компонентіне «Бизнес және кәсіпкерлік негіздері» және «Қаржылық қауіпсіздік» атты бөлімдерден тұратын «Жаһандық құзыреттер» курсын енгізді. Халықаралық оқу-әдістеме орталығының қатысуымен көрнекі материалдары бар оқыту әдістемесі жасалды. Сонымен қатар, алдын алудың қосымша құралы ретінде қаржылық қауіпсіздік бойынша олимпиаданы өткізу жоспарланып отыр. Мұндай тәжірибені көптеген елдер қолданады. Қазақстаннан студенттері биыл Ресей Федерациясының Сочи қаласында өткен халықаралық олимпиададан жүлделі оралды. Олимпиадаға іріктеуге әлемнің 12 елінен 40 мыңнан астам студент қатысқан болатын», - деді Қаржы мониторингі агенттігі кадрлық жұмыс департаментінің директоры Нұрлан Адалиев.

Айтуынша, аталмыш олимпиада оқушылар арасныда пилоттық режимде өтпек.

«Биылғы оқу жылынан бастап еліміздің бірқатар өңірінде оқушылар арасында Қаржылық қауіпсіздіктен пилоттық олимпиада өткізу туралы келісім бар. Оны дайындауға халықаралық жоғары оқу орындарының өкілдері мен агенттік өкілдері атсалысты. 2023 жылы қаржылық сауаттылық бойынша сабақтар өткізіп, олимпиаданы ұйымдастыру ұсынысын Оқу-ағарту министрлігінің ғылыми сараптамасы оң бағалап, мақұлдап отыр», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.