Қазақстандық 8 оқушы Азия олимпиадасында бақ сынауда

475
Физика пәнінен 22-Азия олимпиадасында қазақстандық 8 оқушы қатысып жатыр,  -   деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Физикадан республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері болған  Ұлттық құрам қатысушылары Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Атырау және Ақтөбе қалаларының 10-11-сынып оқушылары екен. 

Құрлықтық халықаралық олимпиадаға әлемнің 20-дан астам елінің өкілі қатысады. Оның ішінде Бангладеш, Камбоджа, Қытай, Үндістан, Индонезия, Израиль, Малайзия, Моңғолия, Пәкістан, Румыния, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Қазақстан, Сауд Арабиясы, Түркия, Таиланд, Тайвань, Вьетнам сияқты елдер бар. 

«Қазақстандық мектеп оқушылары жыл сайын физикадан Азия олимпиадасына қатысады. Мектеп оқушылары үшін өз білімін әлемдік деңгейде көрсетуге және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы үздік елдердің көшбасшыларымен бәсекеге түсуге таптырмас мүмкіндік. 2021 жылы ұлттық құрама 1 алтын, 3 қола медаль жеңіп алды. Биылғы нәтиже бұдан да жақсы болады деп сенеміз», - деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешев. 

Физика бойынша Азия олимпиадасындағы жеңіс балаларға ұлттық құрамаға кіруге және халықаралық математикалық олимпиадада (IMO) Қазақстан атынан шығуға мүмкіндік береді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.