Мектеп оқушылары химиялық препараттан уланып қалды

2 508

Фото: Opennews.kz ЖИПавлодардағы мектептердің бірінде өткір иісі бар таблеткалар анықталып, сабақтан кейін төрт оқушы өзін жайсыз сезінген. Үш бала ауруханаға жүгініп, амбулаториялық ем қабылдаған, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Өңірлік білім беру басқармасының мәліметінше, оқиға Павлодардағы № 11 мектепте оқу кабинеттерінің бірінде болған.

— 2026 жылғы 12 қазанда Павлодардағы мектептердің бірінің оқу кабинетінде өткір иісі бар таблеткалар анықталды. Сабақтан кейін төрт оқушы өзін жайсыз сезіне бастады. Тексеру нәтижелері бойынша олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды, — деп хабарлады білім беру басқармасынан.

Мектеп әкімшілігі тарапынан ішкі тексеру жүргізілген. Тексеру қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлерге қатысты тәртіптік шаралар қабылданған. Улануға себеп болған заттың нақты атауы мен құрамы туралы ақпарат жоқ.

Сол күні Павлодар облыстық балалар ауруханасына 2014 және 2015 жылдары туған үш бала улану белгілерімен жүгінген.

— Кезекші педиатрдың тексеруінен кейін балалар амбулаториялық бақылауға жіберілді — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.