Жемқорлардың ақшасы енді мектеп салуға жұмсалады - Президент

171

Мемлекет қаржысын жеп сотталғандардың ақшасына енді мектеп салынады,- деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. 


Мемлекет басшысы еліміздің дамуына кедергі келтіріп отырған кеселдің бірі сыбайлас жемқорлық екенін атап өтті.

Онымен күресу — баршамызға ортақ міндет. Бұл бағытта соңғы үш жылда біраз шаруа атқарылды. Мысалы, осындай қылмысы үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға тыйым салынды. Енді олардан қайтарылған қаражат мектеп салуға жұмсалады,— деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол жемқорлықпен күрес тиімді болуы үшін мемлекеттік сатып алу жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізілгеніне тоқталды.


Сондай-ақ бұған құзырлы орган басшыларының жауапкершілігі артқан. Бір сөзбен айтқанда, жемқорлықпен күрес ешқашан тоқтамай, жалғаса бермек.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.