Елімізде Daryn HUB ғылыми-зерттеу орталығы ашылады

858

Фото: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/activities/10546?lang=ruЕлімізде дарынды балалармен жұмыс істеуге арналған жаңа ғылыми-зерттеу орталығы ашылады. Бұл туралы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әнуар Ұнайбеков мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

«Тағы бір ықтимал жоба «Daryn HUB» ғылыми-зерттеу орталығының ашылуы. Аталған орталықты ашу бізге ірі халықаралық олимпиадаларға құрама командаларды неғұрлым жоғары деңгейде дайындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, орталықта дарынды балалардың қатысуымен ғылыми-практикалық жұмыстар жүргізіледі. Одан бөлек, біз мамандандырылған білім беру ұйымдарымен жұмыс шеңберінде аккредитация жүйесін іске қосуды жоспарлап отырмыз», - деді Әнуар Ұнайбеков ҚР Оқу-ағарту министрлігінде өткен аппарат жиналысында.


Сонымен қатар мекеме басшысы «Дарын» орталығының 25 жылдығына орай Қазақстан олимпиадашыларының слеті өтетіні туралы тілге тиек етті.

«Маркетингтік жұмыс аясында халықаралық олимпиада жүлдегерлерінің суреттерін елорданың орталық саябағындағы Атырау көпіріне орналастыруға рұқсат алдық. Жақын арада дарынды балаларымыздың суреттері ілінеді. Сол сияқты соңғы 30 жыл ішінде республикалық және халықаралық олимпиада жүлдегерлер санының қаншалықты өскенін есептедік», - дейді ол.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.