Мектеппен соттасқан мұғалімдер 10 млн теңгеге жуық өтемақы өндіріп алды

2 315

Фото: annmariejohn.comЖамбыл облысында жұмыстан заңсыз қуылған үш мұғалім директормен соттасып, қызметтеріне қайта оралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жуалы аудандық сотының мәліметінше, аудандық мектеп пен үш ұстаз арасындағы еңбек даулары қаралды. 

Сотпен анықталғандай, мектеп директоры мен талап қоюшылардың зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты қызметінен босатылуына байланысты еңбек дауы туындаған. 

Білім ордасының басшысы талап қоюшыларды зейнеткерлік жастарына келуіне байланысты еңбек шартының тоқтатылатыны туралы зейнетке толғанға дейін ескерту хатымен таныстырған. Бұл зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін еңбек шартын бұзу күніне дейін кемінде 1 ай бұрын хабардар ету қажеттігі туралы құқықтарын бұзған.

"Өз талап қою арыздарында мұғалімдер соттан жұмыстан босату туралы хабарлама мен бұйрықты заңсыз деп тануды және күшін жоюды, бұрынғы жұмыс орнында қалпына келтіруді, мәжбүрлі түрде кеткен уақыт үшін жалақыны өндіріп алуды, өкілдің қызметтері үшін моральдық зиян мен шығындарды өндіріп алуды сұрады", – делінген хабарламада.

Сот шешімдерімен талап қою арыздары ішінара қанағаттандырылды. Жұмыстан босату туралы хабарламалар мен бұйрықтар заңсыз деп танылып, мұғалімдер бұрынғы лауазымдарына қалпына келтірілді. Сонымен қатар талап қоюшылардың пайдасына жалпы сомасы 9 млн теңгеден астам жалақы, 300 мың теңге моральдық зиян және өкілдің қызметтері үшін 900 мың теңге мөлшерінде шығыстар өндірілді. 

Бұл шешімдер заңды күшіне енген жоқ. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.