Енді мемлекеттік мектеп пен колледждер жеке меншікке берілмейді

2 527

Мемлекеттік меншіктегі мектеп пен колледждерді жеке меншікке беруге тыйым салынады. “ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырған Асхат Аймағамбетов осылай деп мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Депутат бұл өте маңызды норма екенін атап өтті. 

“Заң жобасында мемлекеттік меншіктегі мектеп пен колледждерді жеке меншікке беруге тиым салатын норма бар. Бұл өте маңызды норма. Сәйкесінше, енді барлық мемлекеттік білім беру мекемелері жекешелендіруге жатпайтын болады”, -деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, еңбек нарығы жылдам өзгеріп, жаңа практикалық дағдылырды қажет етіп отыр. 

“Біздің колледждер мен университетер, оқуды аяқтаған студенттерге диплом мен әр пән бойынша бағалары көрсетілген қосымша ақпаратты береді. Бірақ ол бүгінгі таңда жеткіліксіз ақпарат. Осыған орай қазір берілетін диплом мен транскриптке қоса, арнайы оқу барысында игерген нақты құзыреттіліктері мен дағдылары туралы ақпарат беретін құжат беру құзыреттілігі де жобада қарастырылып отыр”, -деді депутат өз баяндамасында.

Еске салайық, бұған дейін Асхат Аймағамбетов мектеп, аурухана мен балабақша салынбаған аудандарға көп қабатты үйлер салуға тыйым салынатынын мәлімдеген болатын. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.