ҰБТ түбегейлі өзгереді – Министр
Ұлттық бірыңғай тестілеудің мазмұны мен әдістемесі қайта қаралады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
ҰБТ-ның сапасын арттыру жұмысына әлемнің ең мықты компаниясы тартылады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Нью-Йоркке жасаған жұмыс сапары барысында Educational Testing Service (ETS) компаниясының басшылығымен кездескен болатын. Бүгінде компания жыл сайын әлем бойынша 180 мемлекетке 50 миллионнан астам тест әзірлейді. Сондай-ақ ұлттық білім беру жүйесіне арналған бейіндік шешімдерді ұсынады. Ал Қазақстан тарапынан компанияның тәжірибесін пайдалануға қызығушылық бар.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, 80 жылдық тарихы бар ғылыми орталық тестерді әзірлеп қана қоймай, тестологияны зерттеумен де айналысады.
Келесі айда зерттеушілердің үлкен делегациясы Қазақстанға келеді. Олар ҰБТ-ның трансформациясын жасайды.