100-ден аса мұғалім іссапар төлемдерінен қағылған
ШҚО-да мұғалімдердің іссапар шығыстары өтелді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратура ведомствоның мәліметінше, ШҚО-ның Самар ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау барысында аудандағы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне іссапар шығыстары төленбегенін анықтаған. 171 мұғалімге ұзақ уақыт бойы заңмен қарастырылған іссапар төлемдері жүргізілмеген, жалпы сома 28 миллион теңгеден асқан.
Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде заңбұзушылықтар жойылып, барлық ұстаздарға тиісті төлемдер толық көлемде жүргізілді.