100-ден аса мұғалім іссапар төлемдерінен қағылған

2 223

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

фото: pixabay.comШҚО-да мұғалімдердің іссапар шығыстары өтелді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Облыстық прокуратура ведомствоның мәліметінше, ШҚО-ның Самар ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау барысында аудандағы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне іссапар шығыстары төленбегенін анықтаған. 171 мұғалімге ұзақ уақыт бойы заңмен қарастырылған іссапар төлемдері жүргізілмеген, жалпы сома 28 миллион теңгеден асқан.


"Мысалы, Самар ауылындағы мектептердің бірінің мұғаліміне 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы қаңтарға дейін 224 105 теңге мөлшерінде іссапар шығыстары төленбеген. Осындай жағдайлар ауданның басқа мектептерінде де болған.


Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде заңбұзушылықтар жойылып, барлық ұстаздарға тиісті төлемдер толық көлемде жүргізілді.

Облыс прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша жұмыстарын жалғастырып жатыр", - делінген хабарламада.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.