Педагогтердің күйзелісін алдын алу мақсатында жаңа жоба іске қосылды

2 580

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Повышение квалификации учителей / seine.frОқу-ағарту министрлігі мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мұғалімдердің кәсіби және менталдық дамуына бағытталған маңызды жобаны қолға алды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі. 

Түркістан және Ақтөбе облыстарындағы филиалдарда алғаш рет педагогтерге арналған психологиялық қолдау кабинеттері ашылды. Министрліктің хабарлауынша, пилоттық жоба мұғалімдердің денсаулығын нығайтып, күйзелісті алдын алуға және стрессті тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Кабинеттерде кәсіби психологтар жеке және топтық кеңес өткізеді, релаксация мен арт-терапия сабақтарын, тренингтер ұйымдастырады. Барлық қызметтер біліктілікті арттыру курстары кезінде тегін ұсынылады.

Жұмыс барысында этикалық нормалар, құпиялылық қағидаттары қатаң сақталады. Алдағы уақытта мұндай кабинеттер еліміздің өзге өңірлерінде де ашылмақ. Айта кетейік, бүгінде 7 мыңға жуық педагог «Өрлеу» орталығында кәсіби шеберліктерін арттыруда.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.