«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» байқауының өңірлік кезеңі аяқталды
«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» республикалық бейнесабақтар мен бейне дәрістер байқауының өңірлік кезеңі аяқталды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, оған 1000-нан астам педагог қатысып, олардың 172-сі республикалық кезеңге өткен.
Бірінші кезеңге қатысу үшін педагогтер өз идеяларын: бейнероликтер, сабақ, практикалық немесе зертханалық жұмыс, семинар, мастер-класс, цифрлық білім беру ресурсы немесе бейне подкаст түрінде рәсімдеді. Жұмысты жалғыз немесе командада дайындауға рұқсат етілді.
Айта кетейік, конкурстың республикалық кезеңінің қорытындысы желтоқсан айында шығарылады. Жүлдегерлерге 1, 2, 3 дәрежелі дипломдар қарастырылған. YouTube-те ең көп қаралған бейнематериал үшін әр бағыт бойынша ынталандыру сертификаты қарастырылған. Республикалық кезеңге іріктеуден өтпеген өңірлік кезеңге қатысушыларға қатысушылардың сертификаттары берілетін болады.