Мереке Құлкенов дабыл қақты

2 532

Фото: видеодан алынған кадрҚазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов қазіргі әдебиет оқулықтарын қайта қарау қажет екенін айтады. Оның айтуынша, бүгінде балалар әдебиеттен алыстап кеткен,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ол бұл туралы Әдебиет порталының Youtube арнасына берген сұқбатында айтты.  

"Әдебиет оқулықтарын қайта қарайтын уақыт жетті. Бұрын мектепте Қобыландыны, Алпамысты және басқа да батырлар жыры мен қиял-ғажайып ертегілерді оқытатын. Қазір ол жоқ, оқытылмайды. Әдебиет пәнін оқып балаларымыз жатқан тұтас бір кезеңді білмей шығады. Біз бұған қалай жол беріп алдық? Қазір “оқулықтар шығып қойған, оған уақыт керек, содан кейін қатадан қараймыз” деп сылтау айтады. Оқулыққа, балаға білім беруге келгенде адам уақытпен санаспауы керек. Күтіп отырмау керек", - дейді Мереке Құлкенов.





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.