«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдаудың аяқталуына 4 күн қалды

416
Магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламаларына түсуге өтінімдер eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеу онлайн режимінде өтеді және 3 кезеңнен тұрады:

- кешенді тестілеу
- тәуелсіз сарапшы комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесу
- кадрларды шетелде даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында құжаттарды қарау.


Үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін 2 негізгі құжатты ғана ұсынуы керек - «Болашақ» бойынша оқуға ұсынылатын жоғары оқу орындар тізіміндегі шетелдік университеттен шақыру, сондай-ақ нәтижесі кемінде B1 деңгейіндегі мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификат.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.