Екі озат оқушы Малайзиядағы халықаралық мектептің грантын жеңіп алды

2 522

Фото: Алматы облысының әкімдігіТалғар қаласындағы №7 мектеп-лицейінің 4-сынып оқушылары Аңсар Сарқытбек пен Айша Назар халықаралық грант иегері атанды. Олар Малайзияның Куала-Лумпур қаласында Cambridge бағдарламасымен білім беретін халықаралық мектепте оқу құқығына ие болды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, іріктеу тестілеуі кезінде екі оқушы да жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсеткен. Нәтижесінде Аңсар мен Айша 2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап 4-сыныптың екінші жартыжылдығын Малайзиядағы халықаралық мектепте жалғастырады. Оқушылардың оқу ақысы толық көлемде грант есебінен өтеледі.

– Қуанышты жаңалықты мектеп ұжымы ерекше ықыласпен қабылдап, жас дарындарды және олардың ұстаздарын құттықтады. Шетелде білім алу оқушылардың болашақтағы жетістіктеріне жол ашып, жаңа халықаралық мүмкіндіктерге бастау болмақ, – деп атап өтті облыс әкімдігі.

Маман­дардың айтуынша, бұл грант жас таланттарға әлемдік деңгейде білім алуға мүмкіндік беріп, олардың кәсіби әрі тұлғалық дамуына серпін береді деп күтілуде.







OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.