"Шетелге жұмысқа" дайындау орталығы ашылды

2 276

Фото: gov.kzБұл бастама қазақстандықтардың шетелге жұмысқа бармас бұрын жақсы дайындалып, құқықтық және ақпараттық тұрғыда қорғалуын көздейді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Орталық Астана қаласы әкімдігінің Мансап орталығы ғимаратында ашылды. Мұнда азаматтарға еңбек көші-қонының құқықтық, мәдени және практикалық аспектілері туралы толық ақпарат беріледі. Орталық мигранттардың құқықтары, шетелде бейімделу және заңды еңбекке дайындық сияқты маңызды тақырыптарды қамтиды.

Жобаны Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен, Астана әкімдігімен және Швейцарияның даму және ынтымақтастық агенттігінің (SDC) қолдауымен іске асырды.

«Орталықтың ашылуы – ол еңбек көші-қон қауіпсіздігі және басқарылуы жолындағы маңызды қадам. Біз шетелге жұмысқа баратын әрбір азаматтың өз құқығын білуіне және өзін сенімді сезінуіне ұмтыламыз», - деп атап өтті Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) Қазақстандағы миссиясының басшысы Серхан Актопрак.

Орталықтың ашылуы Орталық Азиядағы басқарылатын еңбек көші-қонын дамыту жөніндегі ХКҰ өңірлік бағдарламасының бөлігі болып саналады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.