Қазақ оқушылары KhIMIO2025 халықаралық олимпиадада сегіз медаль жеңіп алды
Тәжікстанның астанасы Душанбеде 5–9 қараша аралығында өткен KhIMIO 2025 халықаралық математика және информатика олимпиадасында қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына сегіз медаль салды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Байқауға 10 елден келген дарынды оқушылар қатысты.
Қазақстан құрамасы екі жас санаты бойынша – 14–15 жас (7–8 сынып) және 16–18 жас (9–11 сынып) аралығындағы оқушылардан құралды.
Нәтижесінде қазақстандық команда жүз пайыздық нәтиже көрсетіп, қатысқан барлық оқушы жүлдегер атанды.
Қаз
Рус






