Мұғалім мектепте небәрі 2 құжат толтырады» – Асхат Аймағамбетов

690
Асхат Аймағамбетов : Мұғалімдерді артық құжат толтыруға  итермелеген 700-ден астам тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты, - , деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

«Қазір білім ошақтарында ұстаз мектепте небәрі 2 құжат толтырады. Олар: электронды жүйеде оқушыға баға қою және күнделікті сабақ жоспарын әзірлеу. Ал электронды күнделікті қосымша қағаз бетіне басып шығару – заң бұзушылық», – деді министр.

Соңғы жылдары мұғалімдерді артық құжат толтыруға  итермелеген 700-ден астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 «Әр мектепте педагогикалық этика бойынша кеңестерді құрдық. Бұл – бір. Егер ол педэтика кеңесіне барғысы келмесе, облыстарда Бақылау департаменттері бар, соларға телефон соғып немесе ватсапқа ақпарат беруге болады. Барлық осындай шағымдар бойынша біз міндетті түрде жауапкершілікке тартамыз», – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.