Сынып жетекшілерге төленетін қосымша ақы көбейеді
Елімізде мұғалімдердің сынып жетекшілігіне төленетін қосымша ақы өседі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұған дейін депутаттар осы мәселеге қатысты Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдаған болатын.
Үкімет басшысының жауабында мұғалімдерге сыныпты басқарғаны үшін төленетін ақысы кезең-кезеңімен көбейтілу мәселесі қарастырылып отырғанын айтты.
Оқушылар, олардың ата-аналары мен мұғалімдері арасындағы жанжалды жағдайларды шешу үшін медиация әдістерін енгізуге бағытталған «100 медиация мектебі» жобасы 2022 жылдан бері 3 865 мектепте жүзеге асырылып келе жатыр.
Сонымен қатар, құқық бұзушылық деңгейі жоғары өңірлерде этикалық-құқықтық жұмыс бойынша тәлімгер лауазымын енгізу арқылы Жетісу өңіріндегі мектептердің оң тәжірибесін пайдалану бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қазір сынып жетекшілікке төленетін қосымша төлем 10 мың теңге.