Қазақстандық оқушы Колумбияда өткен олимпиадада жүлделі болды

488
Колумбияның астанасында өткен халықаралық олимпиаданың қола жүлдесін Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы жеңіп алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Богота қаласында дәстүрлі халықаралық жасөспірімдер ғылыми олимпиадасы (IJSO) аяқталды. Қазақстаннан зияткерлік додаға алты оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Айдана Айтөре ІІІ орынға ие болды. Ол сынақ, теориялық және эксперименттік тапсырмаларды сәтті орындады.

«Колумбияға сапар өте қызықты өтті. Олимпиаданың бағдарламасы ауқымды болды. Бұл сапардың жадымда ұзақ сақталатынына сенімдімін. Алған тәжірибемді басқа олимпиадаларға қатысқан кезде қолданамын. Олимпиаданың ерекшелігі – оқушылар бір ғана емес, бірден үш, яғни, физика, биология, химия пәндерінен тапсырмалар орындайды. Қазақстаннан үш пән бойынша үздік нәтиже көрсеткен 6 адам іріктелді. Бірінші кезеңде әр пән бойынша 10 сұрақ келді. Екінші кезең теориялық, үшінші кезең эксперименттік. Соңғысына команда болып қатыстық, – деп бөлісті Айдана Айтөре.

Олимпиада офлайн форматта 2-12 желтоқсан аралығында өтті. Биыл Колумбияда 70 елдің ең мықты физиктері, биологтары мен химиктері бас қосты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.