Ғылым министрі 1-курс студенттеріне үш кеңес берді

2 229

Фото: Shutterstock.comҒылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 1-курс студенттеріне кеңес беріп, алғашқы жылы оқуға ден қоюдың маңыздылығын атап өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі "ҚазАқпарат"-қа  сілтеме жасап. 


"Біріншісі - оқу процесі. Соны аяққа тұрғызып алыңыз. Осы қатені көп адам жасайды, мен де жасадым - жаңа қалаға келіп жоғалып кеттік. Бірінші жыл өте маңызды. Оқу процесін әу бастан дұрыс жолға қоймасаңыздар, одан кейін қордаланып қалады, екінші, үшінші семестрде қиын болады", - дейді министр.


 Сонымен қатар, Саясат Нұрбек ақпаратпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға кеңес берді. 

"Қазір ақпарат өте көп. Кез келген дәрістен шыққан соң, бірнеше слайд, бірнеше кітап пен сілтеме болады. Оны жүйеге келтіретін өз тәртібіңіз болуы керек. Сондықтан цифрлық тәртіп немесе цифрлық қауіпсіздік өте маңызды. Үшінші кеңес - денсаулық. Тамағыңызды, күндік тәртібіңізді, денсаулығыңызды, су мен тамақ сапасын мұқият қараңыз. Сіздің денсаулығыңыз - тек қана сіздің жауапкершілігіңіз", - дейді Ғылым министрі. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.