Елімізде қазақ-неміс мектебі ашылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия Федералдық канцлері Олаф Шольц екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен декларация қабылдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Келіссөздер қорытындысы бойынша келесі құжаттарға қол қойылды:
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Дойче Бундесбанк арасындағы Орталық банктер ынтымақтастығының техникалық мәселелері жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Сыртқы істер министрлігі арасындағы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті жанынан Қазақстан-Неміс ғылым және технологиялар институтын құру жөніндегі ниет туралы меморандум;
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы мен "Возрождение" қазақстандық немістер бірлестігі" қоғамдық қоры және Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Сыртқы істер министрлігі арасындағы қазақ-неміс мектебін құру ниеті туралы меморандум.