«Болашақ» бағдарламасы үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілмек

1 526
2023 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасының конкурстық іріктеуіне қатысу үшін үміткерлер шет тілін меңгергенін растауы тиіс, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ғылым министрлігіне сілтеме жасап.



Кандидаттар өтінім берген кезде шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы сертификат ұсынады. Мысалға, ағылшын тілінде магистратураға түсушілер нәтижесі 9.0 - ден кем дегенде 6.0 IELTS, PBT 677- ден 498, IBT 120- дан 60 TOEFL сертификаттарын, тағылымдамадан өтушілер - IELTS 5.0, PBT-417, IBT-35 TOEFL, DET 75 сертификаттарын ұсынуы тиіс.

Биыл «Болашақ» бағдарламасының конкурстық іріктеу ережелері жетілдірілді. Бұл шара кандидаттардың құрамын сапалық жағынан арттыру үшін қабылданды. Шетелдік жоғары оқу орнының докторантурасына түсетін қазақстандықтарды қоспағанда, «Болашақ» бағдарламасының үміткерлері шет тілін меңгерудің жоғары деңгейін растауы қажет, - деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.