"Қазақстанда түркі тарихы пәні енгізіледі" – министр

483
Әлеуметтік желіде еліміздегі мектептерде түркі тарихы пәнінің енгізілетіні туралы ақпарат тарады. Оқу-ағарту министрлігі  ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің V отырысында "Ортақ түркі тарихы", "Ортақ түркі әдебиеті" және "Түркі әлемінің географиясы" оқулықтарының жарыққа шығатыны туралы хабарланған болатын.

Ведомствоның ақпаратына сенсек, мектептерде осы бағыт бойынша жаңа пәндер енгізілмейді.


"Бұл жерде әңгіме факультатив ретінде қосымша таңдауға болатын курс жайында болып отыр. Яғни оқушылар өз қалауы бойынша түркі әлемін зерттеу үшін қосымша білім ала алады”, – деп мәлімдеді министрліктен.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.