Мектептер мен ЖОО-ларға қатысты бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді

2 523

Фото: freepik.comПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелеріне қатысты заңнамаларға өзгерістер енгізетін заңға қол қойды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Білім беру саласындағы негізгі жаңалықтар:

Ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналары, сондай-ақ ауыр науқас туыстарына күтім жасайтын түлектер мемлекеттік грант бойынша оқу бітіргеннен кейін міндетті жұмыс өтеуден босатылады.

Шетелде оқуын жалғастыратындар (резидентура, магистратура, аспирантура, докторантура) үшін грант бойынша міндеттемелерді кейінге қалдыруға болады.

Халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары ақшалай сыйақы алады. Мектеп оқушылары үшін сыйақы көлемі 6 млн теңгеге дейін жетеді. Санитариялық қызмет енді мектеп асханалары мен жазғы лагерьлерді алдын ала ескертусіз тексере алады. Мемлекеттік балабақшаларға бөлінген жер учаскелерін жеке меншікке беруге тыйым салынады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.