Биыл елімізде шетелдік 7 ЖОО-ның филиалы жұмысын бастады

2 524

Фото: rally36.ruОсы жылы елімізде шетелдік 7 университеттің филиалы жұмысын бастады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

- Бүгінде 33 шетелдік жоғары оқу орны өз қызметін түрлі нысандарда жүзеге асырып жатыр. Оның ішінде биыл 7 шетелдік жоғары оқу орны іске қосылды, - делінген ведомствоның жауабында.

Негізгі мақсат — Қазақстанда академиялық және зерттеуші хаб құру. Сондықтан, шетелдің үздік 40 университеті Қазақстанда филиал ашуға келісім берген.

Айта кетейік, Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Италияның Анкона қаласындағы Марке политехникалық университетінің филиалы ашылды. 

Биыл қыркүйек айында Астанада британдық университеттің филиалы ашылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.